Ой мен жырдын өзегі Фариза ақын

Қазақтың маңдайына біткен нәзік жанды ақындардың шам шырағы Фариза Оңғарсынова іспетті. Қыз баласы болса да жігітке лайық мінезділікті бойға жинап, нәзік иірімдермен жыр қалап жеткізе білген қазақтың осы бір Қарындасы өмір-айнасын сұлу өрнекпен бояп берді.
   «Қыз туғанда «қырсықтың келгені!» деп,
    Қырын қараперкегі жатып алған»
Қазақтың шапанына жыр боп шыққан шұғыланың жүрегі мейірімді, көңілі құлазыған жастық ғұмырды жырлаумен өтті. Тіпті, ол өзін шөл дала, жапан түздегі ақ шатыр алқаптарынан, қаңтардың қақап мұз демі өбетінтаз шатқалынаноқырмандарын іздетіп қойды. Бірде, ақын, бозбала жігіт болып «қыз біткеннің барлығын қорлайтын ызаға, бұлбұл боп қонбаған бақтарға» «қисық кеткен қырсық дүниеге кінә артып, ызадан булыққан шерін жазды». Ақын-қыз құрбыларынасыр ақтарып,
«Ай, қыздар-ай, мен бәрін ұғып тұрмын
Басқа да емес, бар кінә өздеріңде!», - деп бір мойындап алады да, барша қазақ әйеліне былайша монолог оқиды:
«Қайырымды да боп кеттім. Қатыгез жан
 дірілдеген жүрекпен сыр ұғып па?!
 Бірақ өзің айныдың.
 ¥мыттың да жастықтың жұмақ күнін,
 сен мысқылдап, мен болсам жылап тұрдым.
 Өмір деген бұрқанған дарияға
 бұрымымнан ұстап ап лақтырдың.
  Сонда ғана есейіп, бұл жалғанда
  бәрі алдамшы екенін бір-ақ білдім.»
Сондықтан да, - «қыз-ғұмыр бұл өмірді қуаныш-қайғысымен бірге ішіп-жейді». «Ей, Адамдар, айтсаңшы біреуің кеп, Тағдыр қашан қояды бұл мазағын?» деген сұрақ та қояды.
Ақын апамыз,
«Жанар-найза, ішім-от, қол дәрменсіз,
Жауға алдырған батырдай жұртын, жерін.
Келем көзсіз дауылда арпалысып,
Саған жетіп құлауым мүмкін менің»,- деп «тағдыр» деген айқасқа кеп, бір тоқтайды.
Содан бері, қыз-ғұмыр мен ақын-ғұмыр толассыз бұралаңдармен өрнектеліп келеді. Ал, біз, ақын-апамызға, тек қана, қолымызды жүрекке қойып қойып, басымызды иеміз. Ақын талантына кеп бас ұрамыз!

Қасен Айсана, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 2305 топ студенті.
 



Әйел-жүрек ақтарылса...
(Фариза Оңғарсыноваға арнау)

Бірін-бірі сүріндірмес жан аз ба?
Онсыз-дағы басқа қонған бақ азда.
Ішке сыймас арпалысын көңілдің,
Жайып салдың қағазға.

Шындықты іздеп биіктерге өрбідің.
Ерлерге тән ар-ұжданың, өрлігің.
Ақиқаттың ауылына барғанда,
Қандай құрмет, қошеметтеу көрді кім?!

Өнеріңді бағалайды өскен ел.
Өр өлеңді оқып елің сескенер.
Махамбеттей болмаса да найзаңыз,
Қаламыңыз Жәңгірлерге дес берер.

Жаратқаным сыйламапты аз дарын,
Кеуделерде намыс отын қозғадың.
Тебіренбеу мүмкін емес.
Расында,
Бөріктінің көрген кезде азғанын.

Махаббаттың көбінесе жыры – мұң.
Әйел-жүрек ақтарылса сыры – мың.
«Дауаңыздан» дауа тапқан жанына
Талай сіңлің.
Тарап-өрген бұрымын.

Поэзияңыз берер бойға жылылық.
Сол жылудың бізге шашар нұры – құт.
Ақын болу міндет емес.
Алайда,
Адам болу – Ұлылық!

                                                                                                                  

Ерманова Жадыра,
 «филология:қазақ тілі» мамандығының
4 курс студенті



Комментариев нет:

Отправить комментарий